Боксшы Наталья Богданова 2026 жылғы Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды

Боксшы Наталья Богданова 2026 жылғы Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында шаршы алаңғы шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Наталья ¼ финалда өзбекстандық Азиза Зокировамен қолғап түйістірді. Кездесудің алғашқы минуттарында Өзбекстан өкілі басымдық танытты. Дегенмен отандасымыз үшінші раундта 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.



Күн шежіресі