Әділет Ахметғали кураштан Азиаданың қола жүлдегері атанды

Әділет Ахметғали кураштан Азиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Әділет Ахметғали кураштан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әділет 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Ахрор Зиёдуллаевпен кездесті. 

Белдесудің нәтижесінде өзбекстандық спортшы 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Әділет Ахметғали Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.



Күн шежіресі