Гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдегері атанды

Гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды — 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды — 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.