Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силькеборг» сапындағы бірінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Отандасымыз «Утрехт» командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға қосалқы құрамнан шықты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, Рамазан «Силькеборг» командасымен Нидерланд жеріндегі оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Даниялық клуб келесі кездесуін 9-шілдеде «ПЕК Зволле» футбол клубына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Силькеборг» командасымен 2027 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырған.