«Қызылжардың» бұрынғы қақпашысы Грузия чемпионатына ауысты

32 жастағы беларусьтік бұрынғы «Қызылжар» қақпашысы Роман Степанов Грузияның «Гагра»клубына ауысты, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Роман Степанов «Қызылжар» сапында 2023 жылдың 5 наурызында Қызылордада «Қайсарға» қарсы матчта (1:0) дебют жасаған. Ол негізгі құрамда алаңға шығып, бүкіл ойынды толық өткізді.
Петропавл клубы сапында 17 матч өткізіп, 15 гол жіберген.