Ресми: Руслан Валиуллин – «Қызылжар» ойыншысы

Петропавлдың «Қызылжар» клубы 30 жастағы қорғаушы Руслан Валиуллинмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Руслан – «Ақжайық» клубының түлегі. Соңғы төрт маусымды ол «Тобыл» сапында өткізіп, Қостанай командасымен бірге Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін иеленді, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін «Ақжайық» пен «Ақтөбе» клубтарында да өнер көрсеткен.
2021 жылы Валиуллин Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Францияға қарсы ойында дебют жасады.