«Қызылжардың» бұрынғы ойыншысы отанына оралды
Зоран Нижич хорватиялық «Шибеник» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport+.
35 жастағы хорват қорғаушысы жаңа клубымен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойды.
Зоран Нижичтің соңғы клубы «Қызылжар» болды. Өткен маусымда Премьер-лигада хорват футболшысы команда сапында 17 матч өткізіп, бір гол соқты. «Қызылжар» маусым қорытындысы бойынша турнирлік кестеде тоғызыншы орын алды.