Тағы екі легионер «Қайсар» құрамынан кетті
Қызылордалық «Қайсар» клубы черногориялық футболшылар Горан Милойко мен Йован Пайовичтің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Йован Пайович өткен жылы «Қайсардың» құрамына қосылып, 20 матч өткізді. Ал Горан Милойко екі маусымда 43 ойынға қатысып, 5 голдың авторы атанды.
Сондай-ақ командадан Руслан Юденков, Шохназар Норбеков және Василий Совпель де кетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев «Қайсар» алдағы маусымда легионерлерсіз өнер көрсететінін мәлімдеген болатын.