Буркина-Фасо құрамасының ойыншысы «Ақтөбеден» бас тартты
Буркина-Фасо құрамасының жартылай қорғаушысы Седрик Бадоло «Ақтөбенің» ұсынысынан бас тартып, Словакияның «Спартак» (Трнава) клубына ауысты, деп хабарлайды Sport+ «Media Sport» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Седрик Бадолоға украиналық «Ворскла», «Ақтөбе» және Иранның үздік клубтарының бірінен қаржылық тұрғыдан тиімді ұсыныстар түскен, бірақ футболшы мансабын еуропалық чемпионатта жалғастыруды жөн көрген.
Өткен маусымда «Шериф» Тирасполь сапында ол 12 матч өткізіп, 2 гол соғып және 8 нәтижелі пас берген.