logo

«Ақтөбенің» легионері Оңтүстік Американың 13 дүркін чемпионына қосылды

«Ақтөбенің» легионері Оңтүстік Американың 13 дүркін чемпионына қосылды

«Ақтөбенің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хосе Франсиско Севальос жаңа клуб тапты, деп хабарлайды Sport+.

30 жастағы эквадорлық футболшы өз отанына оралып, елдің 13 дүркін чемпионы «Эль Насьональмен» келісімшартқа қол қойды.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында Хосе Франсиско Севальос «Ақтөбе» құрамында 18 матч өткізіп, 2 гол соқты. Бір апта бұрын ол клубтан еркін агент ретінде кеткен болатын. Севальос кәсіби мансабында эквадорлық «ЛДУ Кито» және «Эмелек», италиялық «Ювентус» (U-19), бельгиялық «Локерен» және португалиялық «Портимоненсе» клубтарында ойнаған.



Күн шежіресі