«Қыркүйекте жекпе-жекке шығасың ба?» Жалғас Жұмағұлов қарымта кездесу өткізуге шақырды

«Қыркүйекте жекпе-жекке шығасың ба?» Жалғас Жұмағұлов қарымта кездесу өткізуге шақырды

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желіде Вартан Асатрянды қарымта жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport+.

— «Қыркүйекте жекпе-жекке шығасың ба?» — деп жазды ол.

Жалғас жарияланымында IBA Nomad ұйымын белгілегеніне қарағанда, әңгіме дәл осы ұйым аясында ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтетін жекпе-жек туралы болып отыр.

Жұмағұлов пен Асатрян ММА ережесі бойынша бұған дейін екі рет кездескен. 2015 және 2019 жылдары өткен екі жекпе-жекте де жеңіс Вартан Асатрянның еншісінде қалған.



Күн шежіресі