NAIZA Қытайда турнир өткізеді
8 тамыз күні Бейжің қаласында NAIZA лигасы турнир ұйымдастырады. Бұл туралы лига президенті Нұрбек Қарабала әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
«8 тамыз күні Қытайдың жүрегі саналатын Бейжің қаласында NAIZA турнирі өтеді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл — қазақ ММА-сының халықаралық аренадағы үлкен қадамы. Біз өз елімізде ғана емес, шетелде де мықты екенімізді дәлелдеу үшін барамыз. NAIZA — бұл рух, мінез, намыс және ешқашан тоқтамай, әрдайым алға ұмтылатын чемпиондардың жолы. Қытай NAIZA-ның шынайы деңгейін сезінеді», — деп жазды Қарабала Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram