Қырғызстанда өнер көрсеткен ойыншы «Қызылжар» сапына ауысады
22 жастағы украиналық қорғаушы Анатолий Козленко петропавлдық «Қызылжар» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
«Өткен маусымда «Дордой» клубының намысын қорғаған Анатолий Козленко енді Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды. 22 жастағы орталық қорғаушы «Қызылжар» (Петропавл) ойыншысы атанды. Өткен маусымда команда турнир кестесінде 9-орында аяқтаған», — деп жазады дереккөз.