Қожахмет Иманғали – Open FC лигасының жаңа чемпионы

Қожахмет Иманғали – Open FC лигасының жаңа чемпионы

Қазақстандық жауынгер Қожахмет Иманғали Open FC лигасының чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық файтер Қожахмет Иманғали Open FC лигасының чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген Шалбуз Эседуллаевты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Жеңіліс көрмеген қос спортшының тартысты текетіресінде Қожахмет Иманғали басым түсіп, кәсіби мансабындағы ең маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді. Осылайша, ол Open FC лигасының жаңа чемпионы атанды.



Күн шежіресі