Дауітбек Қаршыға Rizin лигасындағы жаңа жекпе-жегіне ие болды
Қазақстандық ММА жауынгері Дауітбек Қаршыға Rizin ұйымында жаңа жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы жапониялық Киохей Хагивара болады.
Аталмыш жекпе-жек 18 шілдеге жоспарланған.
Айта кетейік, Даутбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың наурыз айында Rizin 50 турнирінде өткізіп, жапониялық Чихиро Судзукиді төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген болатын. Бұл жеңіс қазақстандық файтердің Rizin-дегі жеңісті сериясын жалғастырды.