Қазақстандықтар Түркиядағы күрестен турнирде жүлделі болды
Антальяда (Түркия) дәстүрлі халықаралық «Яшар Догу» күрес турнирі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші күні 50, 57, 65, 76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер күресінен жүлдегерлер анықталды.
Эльмира Сыздықова (76 кг) «күміс» медаль жеңіп алса, Эмма Тисина (57 кг) қола медаль иеленді.
Енді 53, 59, 62, 68, 72 келі салмақ дәрежесіндегі күрестер өтеді.
Жарыста 25 елден 600-ден астам балуан қатысуда.