logo

Қазақстандық жүзуші Олимпиада жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық жүзуші Олимпиада жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метр еркін жүзу қашықтығында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мусин 49,92 секунд нәтиже көрсетіп, сегізінші орын алды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жартылай финалға 16 үздік спортшы өтті. Қазақстандық жүзуші тек 33-ші орынға ие болып, келесі кезеңге өте алмады.

Әділбек Мусин 2 тамызда 100 метр баттерфляй қашықтығында тағы да жарысқа түседі.



Күн шежіресі