logo

Сена суының сапасына байланысты Олимпиадада триатлон жарысы кейінге шегерілді

Сена суының сапасына байланысты Олимпиадада триатлон жарысы кейінге шегерілді

Парижде өтетін Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы триатлон жарысы Сенаның суының нашар сапасына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыс ресми түрде 31 шілдеге ауыстырылды. Егер жарысты өткізуге қатысты қосымша мәселелер туындаса, резерв күні ретінде 2 тамыз белгіленді.

Бұған дейін триатлоншылардың Сенадан өтуі тиіс жүзу кезеңіне дайындық 28 және 29 шілдеде судың сапасының нашар болуына байланысты өтпей қалған. Олимпиада ұйымдастыру комитеті судың ластану себебін толассыз жауған жаңбырға байланысты деп түсіндіреді.



Күн шежіресі