Кирилл Герасименконың Олимпиада үшінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды
Париждегі Олимпиадада үстел теннисінен Қазақстанның жалғыз өкілі Кирилл Герасименко 1/8 финалдағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Герасименконың қарсыласы Мысыр елінің өкілі 33 жастағы Омар Ассар болды. Өткен Олимпиадада Токиода Ассар ширек финалға дейін жетіп, болашақ жеңімпаз қытайлық Ма Лонға жол берген.
29 шілде күні Кирилл Герасименко 1/16 финалда турнирдің жетінші нөмірі неміс спортшысы Дан Чуды сенсациялық түрде жеңіп шыққан болатын (4:3).