logo

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі жаңа орындары

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі жаңа орындары

Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған АТР әлемдік рейтингінде орындары өзгерді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Cерб Новак Джокович сол күйі тізімде көш бастап тұр, испандық Карлос Алькарас және ресейлік Даниил Медведев үздіктер үштігінде.

Қазақстан өкілдерінің ішінде ең мықтысы - Александр Бублик, 23 орнын сақтап қалды. Александр Шевченко бір сатыға төмен түсіп, 57 орынға жайғасты. Денис Евсеев те бір орынға төмендеді, 178 орын. Бейбіт Жұқаев екі сатыға көтерілді, 189 орын.

Жұптық сында бұрынғыша Топ-3: үнді Рохан Бопанна, австралиялық Мэттью Эбден және америкалық Остин Крайчек.

Бұған дейін 48 орында болған Александр Недовесов енді 49-шы. Андрей Голубев алты сатыға төмен түсті - 69 орын.



Күн шежіресі