logo

Елена Рыбакина: Соңғы матчтар оңайға соқпады

Елена Рыбакина: Соңғы матчтар оңайға соқпады

Абу Дабидегі WTA турниріндe жеңіске жеткен Елена Рыбакина финалдан кейін өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Бұл қиын апта болды, әсіресе соңғы матчтар оңайға соқпады. Оған қоса ертең Дохада турнир басталады.

Касаткина екеуміз де Катардағы жарысқа дейін қалпымызға келіп үлгереміз деген үміттемін және мүмкін сол жақта да финалда кездесерміз.

Бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерге шын ризашылығымды білдіргім келеді. Атмофсера керемет болды. Әсіресе трибунада Қазақстан жалауын көріп қуанып қалдым, бұл расымен де мен үшін маңызды қолдау.

Рыбакина ақтық сында Дарья Касаткинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Бұл - Рыбакина үшін WTA турындағы осымен жетінші титулы.