logo

Бублик UTS жартылай финалына шықты

Бублик UTS жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Бублик Ослода өтіп жатқан UTS турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бубликтің топтық кезеңдегі үшінші қарсыласы Хольгер Руне денсаулығына байланысты қазақстандыққа қарсы ойынға шыға алмай қалды.

Осылайша, Александр А тобында екі жеңіске жетіп, топ жеңімпазы Андрей Рублевқа қарсы ойнайды.

Екінші жартылай финалдық жұпта Каспер Рууд пен Алекс де Минор кездеседі.