Қазақстандық теннисшілер Дубай ATP 500 турнирінде бақ сынайды
26 ақпан – 3 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) ATP 500 санатындағы турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды.
А.Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасады.
Бұл ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.
Өткен жылы Дубайда отандасы Андрей Рублевті финалда ұтқан Д.Медведев чемпион болған еді.
Жарыстың жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.