logo

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1 238-орында тұрған америкалық Александер Разегиді тізе бүктірді – 6:4, 6:4.

Попко екінші айналымда тағы бір америкалық, рейтингіде 781-орындағы Феликс Корвиннен дәл сондай есеппен айласын асырды. 

Дмитрий жартылай финалға шығу үшін әлемнің 821-ракеткасы, АҚШ өкілі Аксель Нефвемен таласады. 

Қазақстандық теннисші бір апта бұрын Санрайздағы дәл осындай додада жеңімпаз атанған еді. Соның барысында А.Нефвені 6:7 (9:11), 7:5, 6:2 есебімен жеңген болатын.