Александр Бублик Роттердамда жарыс жолынан шығып қалды
Александр Бублик жұптық сында италиялық Лоренцо Музеттимен бірге Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің жартылай финалынан тыс қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
А.Бублик – Л.Музетти ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе – Ботик Ван де Зандшульппен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте нидерландылық дуэт брейк жасап кетті – 6:4. Екінші сетте олар 5:1 есебімен алға шықты. Ақыры басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-италиялық жұп 2 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнтты мүлт жіберді. Нидерландылықтар 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.