Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің үздік сегіз командасының қатарына қосылу үшін өткен плей-офф кезеңіндегі шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Ирак құрамасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, ұлттық құрама құрлық біріншілігіндегі жарысты жалғастырады. Ширек финалда Қазақстан Жапония құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде қазақстандықтар Филиппинді (3:0) және Шри-Ланканы (3:1) ұтқан. Ал плей-офф кезеңінде Малайзия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжіғұлов және Ескендір Харки өнер көрсетуде.