Жалғас Жұмағұлов Алмабаев пен Рахмоновтың жекпе-жектеріне қатысты болжамымен бөлісті
Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында UFC қазақстандық жауынгерлері Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жектері туралы айтты.
«Асуда жеңіске жету үшін бәрі бар. Оның қарсыласы ұрып-соғылған, бірнеше рет құлады, және мықтап құлады. Алмабаевтың күресі жақсы, бабы жоғары деңгейде, жақсы дем алады. Екінші раундтан кейін оның қарсыласы шаршайды. Екінші нөмірмен көбірек жұмыс істейді, октагонда қашады. Егер тек Асу лаки-панчқа ұрынып қалмаса ғана. Сондықтан бразилдықтың Асуға қарсы мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын», — деді Жұмағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев қазан айының 19-нан 20-на қараған түні бразилдық файтер Матеус Николаумен төбелеседі.
«Шавкатқа келетін болсақ, оның да жақсы қасиеттері бар. Белал құлап үлгерді, ал Шавкат ұра алады. Мұхаммадтен мен күрес түріндегі қауіпті көрмеймін, өйткені Шавкаттың өзі жақсы күреседі. Оның аяқ-қолдары ұзын, оларды қалай қолдануды біледі. Ол тіпті гильотинаны жақсы жасайды. Белалдан лаки-панч? Ол ұруды білмейді, сондықтан менің ойымша, Шавкат оны жеңеді. Мен Шавкаттың фаворит ренінде санаймын, бірақ бұл ММА, мұнда бәрі болуы мүмкін», — деп түйіндеді бұрынғы UFC жауынгері.
Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді. Олардың жекпе-жегі 7 желтоқсанда өтеді.