logo

Оны жоқ қыламын: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы оны оп-оңай жеңетінін айтты

Оны жоқ қыламын: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы оны оп-оңай жеңетінін айтты

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) болатын титулдық жекпе-жек алдында өзіне қарсы сын айтқан хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Белал Мұхаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты оп-оңай жеңетінін айтты. Бұл туралы ол YouTube желісіндегі «Anik & Florian Podcast» арнасына берген сұқбатында айтты.

«Мен Шавкатты он орап өтемін. Мен октагонға шыққанда, оны оңай жеңу үшін бәрін жасаймын. Сол кезде қазір сынап жатқан адамдар маған қарсы ештеңе айта алмай қалады. Мен оны оп-оңай жеңемін, оны сындырмын, оны жоқ қыламын», - деді Белал Мұхаммад.

Айта кетейік, Белал Мұхаммад пен Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC 310 турнирінде кездеседі.

Шавкат Рахмонов соңғы алты жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет ол 2022 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Ал Белал Мұхаммад шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанды.