logo

UFC жауынгері Асу Алмабаев: Егер жеңуді жалғастырсам, келесі жылы белбеуге 100% үміткер боламын

UFC жауынгері Асу Алмабаев: Егер жеңуді жалғастырсам, келесі жылы белбеуге 100% үміткер боламын

UFC қазақстандық жауынгері Асу Алмабаев лигадағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan UFC Russia-ға сілтеме жасап.

«Барлық лигаларда менің жолым баяу, тыныш. Мен баяу шыңдалудамын, бірақ сапалы! Ең бастысы — Алланың қалауымен жеңеміз. Менің ойымша, келесі жылы, егер мен осылай жеңе берсем, мен 100% белбеуге үміткер боламын.

Біздің дивизионда әртүрлі күтпеген жағдайлар орын алады. Ешқандай айырмашылық жоқ, жетінші нөмірсің бе немесе бірінші, егер рекорд жақсы болса, кез-келген уақытта белбеу үшін төбелесуге болады. Кім аш болса, сол жеңеді. ТОП-5-те барлық жауынгерлер тең, кімнің IQ жоғары, жоспары бар және кімге өте қажет бәрі соған байланысты», — деді Алмабаев.



Күн шежіресі