logo

Қазақстандық маман Ұлттар лигасының ойынына делегат болып тағайындалды

Қазақстандық маман Ұлттар лигасының ойынына делегат болып тағайындалды

Алима Жүкенова УЕФА Ұлттар лигасы жалпы кезеңінің 2-туры аясындағы Израиль мен Эстония құрамалары арасындағы матчта делегат қызметін атқарады, деп хабарлайды Sport+.

Ойын 25 ақпанда Венгрияның Дьер қаласындағы «Дьирмот» стадионында өтеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.



Күн шежіресі