logo

Сол Кэмпбелл: Қазақстанның бай тарихы бар және мұнда футболды жақсы көреді

Сол Кэмпбелл: Қазақстанның бай тарихы бар және мұнда футболды жақсы көреді

«Арсенал» клубының және Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сол Кэмпбелл Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда жас ойыншыларды скаутинг жасау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл мәселе бойынша кейбір адамдармен сөйлестік. Екі жаққа да тиімді келісімге келу керек. Осы бағытта жұмыс жасау қажет. Иә, бұл мүмкін нәрсе. Менің ойымша, Қазақстанның бай тарихы бар, және мұнда адамдар футболды жақсы көреді. Менің қабілеттерім, футбол туралы білімім мен түсінігім Қазақстанда бірдеңе жасауға көмектесе алады. Бұл жақсы идея деп ойлаймын», — деді Кэмпбелл.