logo

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леонов «Қайраттан» жеңілу себептерін атады

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леонов «Қайраттан» жеңілу себептерін атады

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леонов Қазақстан Суперкубогында «Қайратқа» қарсы өткен матчқа (0:2) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.  

— Бүгін жеңіске жетуді жоспарлағанбыз, бірақ қорғаныстағы өрескел қателіктер екі голға әкелді. Дегенмен жігіттер жақсы ойнады, қолдан келгенін көрсетті. Жұмысымызды жалғастырамыз.  

— Тапалов алаңнан қуылғаннан кейін неге шабуылды күшейтпедіңіздер?  

— Біз шабуылдағымыз келді, бірақ «Қайрат» қапталдағы зоналарды да, алаңның ортасын да жауып тастады. Шабуылымыз жүрмей қойды.  

— Қайыровты екінші таймда ауыстырдыңыз. Себебі неде? Ал екінші голға кінәлі Рабиу неге алаңда қалды?  

— Рабиу жақсы ойнады. Иә, ол қателесті, бірақ бұл матчтың соңында болды. Ол жақында ғана келді, қазір жақсы формада. Ал Қайыровтың аздап жарақаты бар еді, оны үзілісте-ақ алмастырғым келген.  

— Бүгін команда алғаш рет осындай құрамда ойнады. Мұны жеңілістің себептерінің бірі деуге бола ма?  

— Тікелей себеп деуге келмейді, бірақ команда алғаш рет осылай ойнады, кейбір жігіттер енді ғана қосылды.