logo

«Челсиге» ауысқан қазақстандық жас талант рекорд орнатты

«Челсиге» ауысқан қазақстандық жас талант рекорд орнатты

Ағылшын «Челси» командасына ауысқан «Қайрат» командасының түлегі Дастан Сәтпаев Қазақстан Суперкубогына қатысқан ең жас ойыншы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ол «Ақтөбемен» өткен ойында 16 жас, 6 ай, 10 күнде алаңға шықты. Осылайша, ол 2019 жылғы Вячеслав Швыревтың рекордын (18 жас, 1 ай, 24 күн) жаңартты.

Дастан «Ақтөбеге» қарсы өткен матчтың (2:0) 69-минутында алаңға шығып, екі рет қақпаға соққы бағыттады.