«Аякс» көшбасшылығын нығайтуға тырысуда. «Аякс» - «Гоу Эхед Иглс» матчының тікелей эфирі

Амстердамдық «Аякс» ПСВ-нің екі жылдық гегемониясын тоқтатуға жақын. Фариоли шәкірттері қазірдің өзінде турнир кестесінің көшін бастап тұр және бір ойыны кем болғанына қарамастан, екі ұпайлық артықшылыққа ие.
Эредивизияның 20-турындағы кейінге шегерілген матч «Аякстың» басымдығын 5 ұпайға дейін арттыруы мүмкін.
Апта ортасында амстердамдықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Юнионға» қарсы ауыр матч өткізді. Бір ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан, 120 минуттың қорытындысы бойынша олар турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
«Аякс» өз алаңында тамаша нәтиже көрсетуде — «Юнионмен» ойынды есептемегенде, Нидерланд астанасының командасы қатарынан алты жеңісті үй кездесуін өткізді.
«Гоу Эхед Иглс» турнирлік кестеде 7-орында тұр, келесі маусымда еурокубокқа қатысу үшін күресуде. Соңғы матчта Якоб Брумның голының арқасында «Спартаны» жеңді.
Бірінші айналымда Девентерде өткен ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан.
Олардың жаңа кездесуі 23 ақпанда 18:30–да өтеді.
Тікелей эфирде ойынды Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.