Қазақстандық футболшының клубы Өзбекстан Кубогында жеңіске жетсе, әр ойыншыға автокөлік сыйлауға уәде берді
5 қазан күні Ферғана қаласындағы «Истиклол» стадионында Өзбекстан Кубогының финалдық матчы «Андижан» мен «Навбахор» арасында өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Егер «Андижан» трофейді жеңіп алса, әр футболшыға сыйлық ретінде «Onix» автокөлігі табысталады деп хабарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Андижан» сапында 19 жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет өнер көрсетеді. Осы маусымда ол өзбекстандық клуб үшін 3 матч өткізіп үлгерді.