Қазақстандық дзюдошылар Грекияда кадеттер арасында өтетін Еуропа кубогында өнер көрсетеді
Салоники (Грекия) қаласында өтетін кадеттер арасындағы Еуропа кубогына қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
Турнирде еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:
Ерлер
Даниял Сейілхан (-50 келі)
Аслан Ерғалиев (-55 келі)
Бекнұр Амангелді (-55 келі)
Марғұлан Игілік (-60 келі)
Ержанибек Тұрысбек (-60 келі)
Алтынбек Қонысбай (-60 келі)
Нұрдос Досберген (-60 келі)
Кирилл Байдәулетов (-66 келі)
Расул Мұқым (-81 келі)
Ералы Базарқатов (+90 келі)
Әділжан Жаудинов (+90 келі)
Қыздар
Әсел Русланова (-48 келі)
Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі)
Айдана Анварова (-48 келі)
Кира Хегай (-57 келі)
Еуропа кубогы 23-24 қараша аралығында өтеді.