logo

Дзюдошы Жансай Смағұлов спорттық мансабын аяқтады

Дзюдошы Жансай Смағұлов спорттық мансабын аяқтады

Белгілі қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов (73 келі) спорттық мансабын аяқтап, бапкерлік қызметке ауысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport+.

32 жастағы қарағандылық спортшының соңғы жарысы 2024 жылдың 8-10 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өткен Әлемдік Гран-при кезеңі болды. Сол жарыста ол 73 келі салмақ дәрежесінде бірінші раундта мексикалық Улисес Мендесті жеңгеннен кейін ауыр жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды. Осы жарақат Жансай Смағұловтың татамидегі топ деңгейлі мансабын аяқтауына себеп болды.

Жансай Смағұлов спорттық мансабы барысында Әлемдік Гран-при кезеңдерінің үш дүркін жеңімпазы (2015, 2017, 2018), екі мәрте қола жүлдегері (2016, 2017), сондай-ақ Азия чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері атанған (2016, 2017). Ол «Үлкен дулыға» турнирінде екі мәрте финалға шығып (2020, 2021) және 2022 жылы осы турнирдің қола жүлдесін жеңіп алған.

Жансай – Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол екі Олимпиадаға (2016, 2021) және бір Азиадаға (2018) қатысқан.