logo

Елдос Сметов ұлттық құрамаға қашан оралатынын айтты

Елдос Сметов ұлттық құрамаға қашан оралатынын айтты

Ақтөбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан ел чемпионатына құрметті қонақ ретінде шақырылған Елдос Сметов ұлттық құрамаға қай уақытта оралатынын жеткізді, деп хабарлайды Sport +.

1bol.kz мәліметінше, белгілі дзюдошы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін ел аралап, түрлі тараптан сыйлық пен құрметке мейлінше бөленді. Ал жарыстарға қатысу туралы спортшы әзірге нақты шешімін айтпайды. Себебі Сметов бұған дейін алған жарақатын емдетуді көздеп отыр.

«Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Менің салмағымда өте жоғары деңгейдегі мықты балуандар көп. Бәсекелестік болған жерде өсу болады. Басқа салмақтарда да бәсекелестік көп болса екен деп тілеймін. Олимпиададан кейін біраз демалуым керек. Себебі, біраз жарақатымды емдеуім керек. Солардың барлығын қалпына келтірген соң ораламын. 2027 жылы елімізде әлем чемпионатына өтеді. Соған дейін дзюдоны қайта бастаймыз», – деді Сметов.



Күн шежіресі