logo

Қазақстандық боксшы Үндістандағы Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Үндістандағы Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті.

¼ финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.

Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.



Күн шежіресі