logo

Әли Ахмедов Ганалық нокаут шеберімен Алматыда кездеспек

Әли Ахмедов Ганалық нокаут шеберімен Алматыда кездеспек

Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедовтың (24-2, 17 KO) келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Әлидің рингке оралуы 27 желтоқсанда Алматыда жоспарланған. Ахмедовтың қарсысы — ганалық Делали Миледзи (29-1-1, 22 KO). Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әли Ахмедов үшін алдағы жекпе-жек биылғы жылы өткізетін төртінші кездесу болмақ. Ол өзінің алдыңғы жекпе-жегінде, 5 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде, намибиялық Джозеф Маигвисьюді (15-5, 11 KO) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Ал Делали Миледзи қатарынан төрт ерте аяқталған жеңіс сериясында келеді. Соңғы жекпе-жегінде, 28 маусым күні, ол Тогоның Ломе қаласында жерлесі Мұхаммед Акронгты (23-14, 18 KO) нокаутқа жіберген.
 
 



Күн шежіресі