logo

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраев 1/8 финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалға шығу үшін өткен белдесуде Жадраев сербиялық Алекса Иличпен кездесіп, 8:6 есебімен басым түсті.

Өкінішке қарай, Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) пен Марлан Мұкашев (55 келіге дейін) ¼ финалға шыға алған жоқ.

Төлебаев молдовалық Михаил Брадаға, ал Мұкашев Артем Делянуға есе жіберді.



Күн шежіресі