Қазақстан - Венгрия жолдастық матчының өтетін орны өзгерді
Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімімен ұлттық құрамалар арасында маусымға жоспарланған жолдастық матч Түркістан қаласынан Дебрецен қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойын 9 маусымда «Надьердеи» стадионында өтеді.
Осылайша, маусымдағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі матч өткізеді: 6 маусымда Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы және 9 маусымда Дебрецен қаласында Венгрия құрамасына қарсы.