«Порту» сырт алаңда «Брагадан» басым түсті (видео)
Португалия чемпионатының 27-туры аясында «Порту» қонақта «Браганы» 2:1 есебімен жеңді.
Матчтың бірінші таймы голсыз тең аяқталды. Есеп тек екінші таймда ашылды: 54-минутта Саласар пенальтиден мүлт кетпей, алаң иелерін алға шығарды. Алайда «Порту» ойынға қайта оралып, 69-минутта Гоместің голының арқасында таразы басын теңестірді.
Кездесудің 80-минутында Фофана жеңіс голын соғып, қонақтарға маңызды үш ұпай сыйлады.
Осылайша, «Порту» турнирлік кестедегі позициясын нығайта түсті.