Қазақстан U-18 құрамасы Грузияда жолдастық матчтар өткізеді
26-30 наурыз күндері 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиын аясында команда Грузияның жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 28 және 30 наурыз күндеріне жоспарланған.
U-18 құрамасының аға бапкері Тимур Қасымов оқу-жаттығу жиынына 25 футболшы шақырды.
Қақпашылар: Әліхан Темерхан («Елімай»), Мадияр Төлеубек («Ертіс»), Махмұджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»).
Қорғаушылар: Нұрболат Санат, Дарын Қожахмет (екеуі де — «Қайрат»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Рамзес Рашидов, Сұлтан Әбдіманап (екеуі де — «Жас Қыран»), Сұлтанбек Бақытбеков («Ақтөбе»), Хасен Артурұлы («Тараз»).
Жартылай қорғаушылар: Төре Исмағұлов, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (бәрі — «Қайрат»), Руслан Валихан («Астана»), Илья Гезик, Нұрхан Қағазбаев, Даниал Назаров (бәрі — «Шахтер»), Нұрдәулет Төреғали, Азамат Мұсаев (екеуі де — «Ақтөбе»), Руслан Рахметов («Ертіс»).
Шабуылшылар: Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Әли Әлихан («Оңтүстік»), Дінмұхаммад Махмұдов («Ордабасы»), Ален Пак («Шахтер»), Ермұхаммад Керімхан («Қайрат»).
Бапкерлер штабы: Тимур Қасымов — аға бапкер, Рустам Фардиев — аға бапкердің көмекшісі, Олжас Тұртулов — қақпашылар бапкері, Рамиль Акбаров — дене даярлығы бапкері, Илья Блинов — бейнесарапшы, Елдар Исаев — дәрігер, Сергей Бурлуцкий — массажист, Олжас Еркінов — менеджер, Жанболат Тыныбек — әкімші.
Айта кетейік, 2026/27 жылғы U-19 жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы ойындарын Грекияда өткізеді.