Станимир Стоиловтың командасы сырт алаңда «Фенербахчені» жеңді (видео)
Түркия Суперлигасының 10-туры аясында Станимир Стоилов жаттықтыратын «Гезтепе» сырт алаңда «Фенербахчеден» басым түсті.
Ыстамбұлда өткен кездесу қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
«Гезтепе» сапында Армстронг пен Андре гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Гендузи соқты.
Осылайша, «Гезтепе» сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.