Қазақстан құрамасының футболшысы «Тұранға» ауысуы мүмкін
Белгілі қазақстандық футболшы Бауыржан Байтана түркістандық «Тұран» қатырына қосылу мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Дереккөздің хабарлауынша, Тараз футболының түлегі келесі маусымды «Тұранда» өткізе алады. Байтана түркістандықтармен алғашқы оқу-жаттығу жиындарына барады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 32 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатын «Ақтөбе» сапында бастады, содан кейін маусымның ортасында «Жеңіс» сапына ауысты. Жаңа клубта Бауыржан бірде-бір матч өткізбей, ресми түрде қош айтысты.
Бұған дейін жартылай қорғаушы «Тараз», қарағандылық «Шахтер» және алматылық «Қайрат» клубтарының намысын қорғаған.