«Тұранның» тізгінін Қазақстан чемпионы ұстауы мүмкін
Беларустық бапкер Александр Седнев түркістандық «Тұранның» бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
«Тұран» жаңа маусымға қазақстандық футболшылармен толығып, құрамына жас таланттарды жинауды жоспарлауда.
Ринат Алюетов кеткеннен кейін, бас бапкерсіз қалған түркістандық ұжым, бұл қызметке Константин Горовенко, Виталий Жуковский және Қайрат Нұрдәулетов сынды мамандарды қарастырған болатын.
Седнев 2023 жылғы маусымда шымкенттік «Ордабасыны» жаттықтырып, команданы алтын медальдарға жеткізген болатын.