logo

Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары «Ертіске» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары «Ертіске» ауысуы мүмкін

Павлодарлық «Ертіс» жартылай қорғаушы Максим Федин мен қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаевты өз қатарына шақыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport+.

Өткен маусымда екі футболшы да шымкенттік «Ордабасы» командасының намысын қорғады, бірақ маусым соңында командадан кетті. 

28 жастағы Максим Федин «Екібастұздың» түлегі. Қазақстан құрамасы сапында 18 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

34 жастағы Ғафуржан Сүйімбаев 2013 жылғы маусымда павлодарлық клубта өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында ол 42 матч өткізіп, 4 гол соқты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ертістің» бас бапкері қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов атанды. Оған клубты Премьер-лигаға шығаруға мақсат қойылды.