«Атыраудың» түлегіне еліміздің үш командасы көз тігіп отыр
Жартылай қорғаушы Рафаиль Оспановқа Премьер-лиганың бірден үш клубы көз тігіп отыр, деп хабарлайды Sport+.
27 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушының қызметіне «Тұран» және «Оқжетпес» қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, футболшыны туған «Атырау» шақырып отыр.
2024 жылғы маусымда Оспанов петропавлдың «Қызылжар» сапында Қазақстан чемпионатында 16 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Премьер-лигада барлығы 84 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.