Қазақстан құрамасының Армения және Мажарстанға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі

Қазақстан құрамасының Армения және Мажарстанға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді: 6 маусымда Армениямен, ал 9 маусымда Мажарстанмен ойнайды. 

Қорытынды тізімге 25 футболшы енді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де — «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де — «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).

Бапкерлер штабы: Талғат Байсуфинов — бас бапкер, Иван Азовский — бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов — бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов — бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков — қақпашылар бапкері, Мұхтар Ерімбетов — дене даярлығы бапкері, Тимур Құсайынов — сарапшы, Нұрлан Биттұғылов — дәрігер, Бауыржан Абаев — физиотерапевт, Біржан Оразғалиев — физиотерапевт, Алексей Гудзев — массажист, Евгений Карнаухов — массажист, Қуаныш Мұханбет — менеджер, Михаил Әубәкіров — әкімші, Максим Шауберт — кит-менеджер. 
 



Күн шежіресі